Д3-Капелька, ішілетін тамшылар 4 000 ХБ/мл

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Костный метаболизм

Қолданылуы
- емшектегі балалар мен кішкентай балаларда рахиттің алдын алуда, әсіресе толыққанды және теңгерімсіз тамақтану, мальабсорция синдромы, жеткіліксіз инсоляция кезінде - жүктілік және лактация кезеңінде организмнің Д витаминіне қажеттілігі артуының орын толтыру - менопаузадан кейінгі кезеңдегі әйелдер остеопорозында (кешенді ем құрамында)
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратты сұйықтықтың аздаған мөлшерімен, мысалы бір шай қасық шырын немесе сүтпен ішке қабылдайды. 1 тамшының құрамында 200 ХБ жуық колекальциферол бар. Нәрестелерге емдеуші дәрігердің ұсынымдарына сәйкес, өмірінің бірінші жылы бойы 2-5 тамшыдан (400-1000 ХБ) тағайындайды. 1 жастан асқан балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге күнделікті 2 тамшыдан (400 ХБ) тағайындайды. Остеопороздың алдын алу үшін тәулігіне 2-5 тамшыдан (400-1000 ХБ) тағайындайды.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Колекальциферол

Өнім Сипаттамасы
Д3-Капелька препаратының белсенді заты сулы ерітіндідегі колекальциферол болып табылады. Д3-Капелька препаратының функциясы кальций және фосфат метаболизмін реттеу болып табылады, бұл қаңқаның минералдануына және өсуіне ықпал етеді. Д3 витамині адам терісінде күн сәулесінің әсерінен түзілетін Д витаминінің табиғи түрі болып табылады. Кальций мен фосфаттардың ішектен сіңірілуінде, минералды тұздар тасымалдануында және сүйектер кальцификациясы үдерісінде маңызды рөл атқарады, сондай-ақ кальций мен фосфаттардың бүйрек арқылы қайта сіңуін реттейді. Паратиреоидты гормонмен және кальцитонинмен бірге қан сарысуында кальций мен фосфаттар деңгейін реттейді. Кальций иондары қаңқа бұлшықеттерінің тонусын демеуге, жүйке қозуының өтуіне, қан ұю үдерісіне байланысты бірқатар маңызды биохимиялық үдерістерге қатысады. Д3 витаминінің тапшылығы паратиреоид гормоны өнуінің артуын және сүйектен кальцийдің шайылуын арттырады. Бұл балаларда рахитке, ересектерде – остеомаляция мен остеопорозға әкеледі.
Жағымсыз әсерлері
Болуы мүмкін: • тәбеттің жоғалуы • жүрек айнуы • құсу • ауыздың құрғауы • іштің қатуы немесе диарея • шөлдеу сезімі • метеоризм • бас ауыруы • бұлшықет және буынның ауыруы • әлсіздік • полиурия • қанда және несепте кальций деңгейінің жоғарылауы • гипертонияға • жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін бүйректе тас түзілуі • қан тамырлары мен жұмсақ тіндер кальцификациясы • балалар өсуінің бәсеңдеуі • аллергиялық реакциялар (қышыну, бөртпе, есекжем)