Амбробене-Тева, инъекцияға арналған ерітінді, 15 мг/2.0 мл

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Тыныс алу жүйесі

Қолданылуы
Амбробене-Тева қақырықтың бөлінуі мен түсуі бұзылатын жедел және созылмалы бронхопульмональді ауруларда секретолитикалық ем мақсатында қолданылады: - жедел және созылмалы бронхитте, пневмонияда - қақырықтың шығуы қиындайтын бронх демікпесінде - бронхоэктаздық ауруда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Амбробене-Тева инъекцияға арналған ерітіндісін бұлшықет ішіне, тері астына немесе вена ішіне (баяу сорғалатып немесе тамшылатып) енгізеді. Еріткіш ретінде 0,9 % натрий хлориді ерітіндісін, 5 % глюкоза ерітіндісін, Рингер-Локк ерітіндісін немесе pH 6,3 аспайтын басқа базистік ерітіндіні қолданады. Ересектерге әдетте 2 мл-ден тәулігіне 2-3 рет тағайындайды, ауыр жағдайларда доза екі еселенуі мүмкін. Балаларға препаратты 1 кг дене салмағына 0,0012-0,0016 г есебінен тәуліктік дозада тағайындайды. Әдетте 2 жасқа дейінгі балаларға 1 мл-ден (1/2 ампула) тәулігіне 2 рет тағайындайды; 2-ден 5 жасқа дейін - 1 мл-ден (1/2 ампула) 3 рет; 5 жастан асқан - 2 мл-ден (1 ампула) 2-3 рет. Жаңа туған нәрестелер мен шала туған балалардағы респираторлық дистресс-синдромында: Амбробене® ампуласының тәуліктік дозасы 0,01 г/кг дейін (ауыр жағдайларда - 0,03 г/кг дейін, 3-4 енгізуге бөледі) артады. Аурудың жедел көріністері қайтқаннан кейін инъекциялар тоқтатылады және ішке қабылдауға көшеді. Емдеу ұзақтығы ауру ағымы ерекшеліктеріне байланысты.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Амброксол

Өнім Сипаттамасы
Амбробене-Тева өзгерген бронхөкпе секрециясын қалыпқа түсіреді, қақырықтың реологиялық көрсеткіштерін жақсартады, оның тұтқырлығын азайта отырып, қақырықтың бронхтардан шығарылуын жеңілдетеді.
Жағымсыз әсерлері
Иммундық жүйенің бұзылулары - Сирек (≥1/10000-<1/1000): - аса жоғары сезімталдық реакциялары - Белгісіз: - анафилаксиялық шокты қоса, анафилаксиялық реакциялар, ангионевротикалық ісіну және қышыну - Асқазан-ішек бұзылыстары - Белгісіз: - жүрек айну, құсу, диарея, диспепсия және іштің ауыруы - Тері және тері асты шелі бұзылулары - Сирек: - бөртпе, есекжем - Белгісіз: - терінің ауыр жағымсыз реакциялары (экссудативті көпформалы эритеманы, Стивенс-Джонсон синдромын/уытты эпидермалық некролизді және жедел жайылған экзантематозды пустулезді қоса)

Қосымша дәрі

Беклазон Эко Лёгкое Дыхание, 100 мкг/доза;

View Product

Беклазон Эко Лёгкое Дыхание, 250 мкг/доза

View Product

Назарел-Тева, 50 мкг/доза, мұрынға арналған дозаланған спрей

View Product

Насобек, спрей 50 мкг/доза

View Product