Teva компаниясының дүниежүзіндегі миллиондаған адамдардың күндерін жақсарту миссиясына қосылыңыз.
Teva компаниясы бір ғасырдан астам уақыт бойы шеберлігін шыңдап келеді және қазіргі таңда әлемнің жетекші фармацевтикалық компаниясы әрі саладағы үздік 15 компанияның бірі болып табылады. 01
Дүниежүзінің 60 еліндегі 43 мыңнан астам қызметкердің, 02 түрлі көзқарастары, тәжірибесі және таланттары арқылы Teva компаниясы жетістіктерге жетеді. Жоғары қуатты ұйымдастырушылық мәдениетіміз адамдар өміріне шынайы өзгеріс енгізуіңізге және мансабыңызға мән қосуыңызға мүмкіндік береді.
Teva — ұлы идеялар гүлдейтін жер. Қызметкерлердің мүмкіндіктерін арттыруға, оларға жаңа тапсырмалар жүктеуге, олардың кәсіби тұрғыдан өсуіне және дамуына сенеміз. Қызметкерлерімізге мынадай мүмкіндіктер береміз:
Инновация — Teva компаниясында істелетін барлық жұмыстардың негізі. Үнемі өзгеріп отыратын ортада мәреге бірінші жетіп отыру үшін біз дәрілерді әзірлеуде жасампаз, кешенді амал: жаңа синтетикалық препараттар мен биологияға негізделген ем түрлерін, кешенді дженериктерді, цифрлық интеграцияны және озық өндіріс әдістерін қолданамыз. Өмірін жақсарту үшін емделуші қажеттіліктерімен ұштасатын қолжетімді, жоғары сапалы емдік шешімдерді әзірлейміз.
Мемлекеттік органдарға ұсынылған 2018 жылғы кірістер туралы деректерге негізделген
Teva компаниясының жыл сайынғы есебі, 2018 ж.